Ресейліктерге ЭЦҚ сататын ХҚКО қызметкерлері жазаланады
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин Орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz сайтына сілтеме жасап.
-->Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин Орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz сайтына сілтеме жасап.
ХҚКО-да қызметкерлер ресейліктерге ЭЦҚ кілттерін 10 мың теңгеге жасап беріп жатыр деген ақпарат тарап жатыр. Бұл расталған мәлімет пе? Министрлік бұл мәселені қашан бақылауға алады, - деп сұрады брифингіде БАҚ өкілі.
Әрине, мұндай әр түрлі ақпараттарды желіден біз де көріп тұрамыз. Қазақстандықтарға ЭЦҚ берген кезде қосымша қызметтер болмауы үшін біз биометриялық сервистерді іске қостық. Бірақ қазақстандықтардың биометриялық деректері мемлекеттік деректер базасында болғандықтан, біз оларды тексере аламыз. Ал шетелдік азаматтарға қатысты мәселені «последконтроль» деген бар. Сол тетік арқылы қадағалап жатырмыз. Егер мұндай жағдайлар тіркелсе және дәлелденсе ондай адамдармен, қызметкерлермен келісімшарттың күшін жоямыз, - деді Сүйеніш Әбділдин.