Қаңтар оқиғасы бойынша қанша адамға рақымшылық жасалады
Бас прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысушыларға рақымшылық жасауды көздейтін құжат жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұған дейін Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасау туралы бұйрық берген еді.
Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта Бас прокуратура арандатушылардың теріс ықпалына түскен Қаңтар оқиғасына қатысушылардың бірқатар қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын атап өтті.
Қаңтар оқиғасы бойынша (рақымшылыққа ілінетін) сотқа дейінгі тергеу органдарының өндірісінде 391 қылмыстық іс бар. Бұл іс 383 күдікті мен айыпталушының үстінен қозғалған. Олардың 153-не ешқайда кетпеу туралы міндеттеме, 147-сі қамауға, 24-і үйқамаққа алынды. 19-ы кепіл, 2-і жеке кепілдік боййынша босатылған. 28-іне қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмаған, тағы 10-ы іздестірілуде.
Сот 102 адамға қатысты 36 істі қарап жатыр. Бұған дейін тәртіпсіздікке қатысқан 1035 адам сотталған, оның 93-і бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқандар, 930-ы пробациялық бақылауда, 3-і айыппұл, 9-ы қоғамдық жұмыстарға тартылған.
Бас прокуратура «осы санаттағы адамдарға қылмыстық құқық бұзушылықтар мен шағын, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған, олардың соттылығын алып тастап, оларға рақымшылық жасауды» ұсынып отыр.
Сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар мен ауырлығы шағын және орташа қылмыстарды жасаған тұлғаларды қылмыстық жауапкершіліктен толық босату ұсынылды. Ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдардың жазасы қысқартылуы мүмкін.
Бас прокуратура мәліметінше, рақымшылық жасау сияқты адамгершілік актіні қолдану тәжірибесі әлемнің барлық жерінде жүзеге асырылады. Халықаралық тәжірибеде ұлттық заңнамамен салыстырғанда рақымшылықты жариялау мен қолдануға қатысты ерекшеліктер жоқ. Бүкіл әлемде рақымшылық мемлекеттің ізгі ниетінің белгісі және мемлекет тарапынан құқық бұзушыларға жасаған мейірімділік пен кешірім ретінде қабылданады деп атап өтті ведомство.
-->Бас прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысушыларға рақымшылық жасауды көздейтін құжат жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұған дейін Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жасау туралы бұйрық берген еді.
Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта Бас прокуратура арандатушылардың теріс ықпалына түскен Қаңтар оқиғасына қатысушылардың бірқатар қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын атап өтті.
Қаңтар оқиғасы бойынша (рақымшылыққа ілінетін) сотқа дейінгі тергеу органдарының өндірісінде 391 қылмыстық іс бар. Бұл іс 383 күдікті мен айыпталушының үстінен қозғалған. Олардың 153-не ешқайда кетпеу туралы міндеттеме, 147-сі қамауға, 24-і үйқамаққа алынды. 19-ы кепіл, 2-і жеке кепілдік боййынша босатылған. 28-іне қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмаған, тағы 10-ы іздестірілуде.
Сот 102 адамға қатысты 36 істі қарап жатыр. Бұған дейін тәртіпсіздікке қатысқан 1035 адам сотталған, оның 93-і бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқандар, 930-ы пробациялық бақылауда, 3-і айыппұл, 9-ы қоғамдық жұмыстарға тартылған.
Бас прокуратура «осы санаттағы адамдарға қылмыстық құқық бұзушылықтар мен шағын, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған, олардың соттылығын алып тастап, оларға рақымшылық жасауды» ұсынып отыр.
Сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар мен ауырлығы шағын және орташа қылмыстарды жасаған тұлғаларды қылмыстық жауапкершіліктен толық босату ұсынылды. Ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдардың жазасы қысқартылуы мүмкін.
Заң жобасы мемлекетке опасыздық жасау, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар жасаумен байланысты қылмыстар жасаған және қылмыстардың қайталануы жағдайында жазаланатын адамдарға қолданылмайды, - делінген құжатта.