Алаяқтар қайтыс болған әйелдің шотынан 1 млрд теңге жымқырмақ болған
Алматыда алаяқтар қайтыс болған әйелдің банк шотынан талап арыз беру арқылы 1 млрд теңге жымқырмақ болған, деп хабарлады Elorda.info қала прокуратураcына сілтеме жасап.
Көз жұмған А. есімді әйелдің берешегі болмаған. Алайда күдіктілер пайда табу үшін жалған құжаттар жасап, талап арыз берген. Медеу аудандық соты бұл іске қатысты үкім шығарды.
-->

Жеке сот орындаушысының өкімі нәтижесінде банк ақшаны өндіріп алушыға аудару үшін сот орындаушысының ағымдағы шотына аударды. Жәбірленушінің жұбайы алаяқтардың арам ойының жүзеге асуына кедергі келтірді. Ол дер кезінде құқық қорғау органдарына жүгінген. Нәтижесінде күдіктілер кінәлі деп танылып, әртүрлі жылға сотталды, - делінген хабарламада.