Елордада тұрғын үй меншік иелерінің жиналысы өтті
Amanat партиясының қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы «Тұрғын үй» орталығында МИБ төрағаларымен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Басқару формасын құру және меншікті тәуелсіз басқаруға көшу қауіпті және қиын мәселе деп саналады. Тұрғындарға мүлікті басқару бойынша өз бетінше және саналы шешім қабылдауға арналған құрал беру үшін Нұр-Сұлтан қаласының Тұрын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жергілікті атқарушы органдармен және мүліктің белсенді меншік иелерімен бірлесіп, бастамашыл меншік иесі үшін алғашқы жолсілтемені әзірледі.
Күн тәртібіндегі басқа да мәселелермен қатар, орталық мемлекеттік және жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту және дамыту бөлігіндегі 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы жауапкершілігін талқылау (КСК және МИБ қызметін реттеу мәселелері) болды.
Гүлжан Уалиева
-->Amanat партиясының қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы «Тұрғын үй» орталығында МИБ төрағаларымен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Басқару формасын құру және меншікті тәуелсіз басқаруға көшу қауіпті және қиын мәселе деп саналады. Тұрғындарға мүлікті басқару бойынша өз бетінше және саналы шешім қабылдауға арналған құрал беру үшін Нұр-Сұлтан қаласының Тұрын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жергілікті атқарушы органдармен және мүліктің белсенді меншік иелерімен бірлесіп, бастамашыл меншік иесі үшін алғашқы жолсілтемені әзірледі.
Күн тәртібіндегі басқа да мәселелермен қатар, орталық мемлекеттік және жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту және дамыту бөлігіндегі 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы жауапкершілігін талқылау (КСК және МИБ қызметін реттеу мәселелері) болды.
Біз ассоциация құрдық, бүгін презентациясын өткізіп отырмыз. МИБ-ін тіркеу үшін не қажет? Ол бірнеше сатыдан құралады. Ең алдымен, барлық меншік иелерінің жалпы санынан 10 пайыз қол қойылған хабарлама дайындау. Үй-жайлардың меншік иелерін жиналыс өткізілетін күнге дейін 10 күн бұрын хабардар ету және хабарламаны тарату. Тұрғындардың келісімен жиналыс өткізіледі, жиналыста қаралған барлық мәселелерді қосып, жазбаша сауалнама жүргізу қажет. Сауалнаманы қорытындылау мақсатында хаттама дайындалады. Сауалнама парақтарын тігіп, оларды нөмірлеу қажет. Құжаттарды МИБ жарғысымен бірге ХҚКО-ға заңды тұлғаны тіркеуден өтуге тапсырады, - деді «Қордай 79» МИБ төрағасы Марат Дәлетбекұлы.
Гүлжан Уалиева