Полиция Ақтауда жас жігітті азаптағандар туралы пікір білдірді
Әлеуметтік желіде Ақтауда жас жігітті асқан қатыгездікпен соққыға жыққан топ мүшелері туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлады Elorda.info.
Ақпаратта күдіктілердің арасында 14 жастағы жасөспірім бар екен, қалған үшеуі 18-19 жастағы жас жігіттер екені айтылған болатын.
ІІМ баспасөз қызметі ол ақпаратта көрсетілген фотосуреттегі жеке мәліметтер шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.
Оқи отырыңыз: Ақтауда екі жігітті балтамен аяусыз ұрып-соққандар ұсталды
Бетін тұмшалап, екі азаматқа күш қолданған үш күдікті Ақтау қалалық Полиция басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі таңда тергеу жұмысы жүріп жатыр.
-->Әлеуметтік желіде Ақтауда жас жігітті асқан қатыгездікпен соққыға жыққан топ мүшелері туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлады Elorda.info.
Ақпаратта күдіктілердің арасында 14 жастағы жасөспірім бар екен, қалған үшеуі 18-19 жастағы жас жігіттер екені айтылған болатын.
ІІМ баспасөз қызметі ол ақпаратта көрсетілген фотосуреттегі жеке мәліметтер шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.
Оқи отырыңыз: Ақтауда екі жігітті балтамен аяусыз ұрып-соққандар ұсталды
Фотосуреттегі жеке мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта Полиция департаменті бұл мәліметті таратушының жеке басын анықтау фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізіп жатыр, - делінген ІІМ Тelegram-арнасындағы хабарламада.
Бетін тұмшалап, екі азаматқа күш қолданған үш күдікті Ақтау қалалық Полиция басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі таңда тергеу жұмысы жүріп жатыр.