Әлеумет

Елорда атауы өзгерсе, құжат ауыстыру қажет пе

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында бұл сауалға Әділет министрі Қанат Мусин жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында бұл сауалға Әділет министрі Қанат Мусин жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Астана атауын өзгерту тұрғындарға құқық белгілейтін құжаттарды ауыстыру жөніндегі міндетті жүктемейді. Елорданың жаңа атауы көрсетілген құжаттар заңды күшіне ие болады. Осыған байланысты азаматтарға құжаттарды шұғыл түрде ауыстырудың еш қажеті жоқ. Құжаттарда Астананың бұрынғы атауын көрсету олардың жарамсыздығына әкеп соқпайды. Сондықтан қолда бар құжаттарды қолдануға болады, – деп жауап берді министр.