Биыл елімізде қандай қылмыстар көбейген
Биылғы қаңтар-тамыз айларында елімізде «Алаяқтық» бабы бойынша 29,9 мың құқықбұзушылық тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3 пайызға артық, деп хабарлады Elorda.info.
Finprom.kz сарапшыларының мәліметінше, жыл басынан бері интернет-алаяқтық оқиғаларының саны 13,8 мыңға жетіп, барлық құқықбұзушылықтың 46,3%-ын құраған. Елімізде сондай-ақ төлем карталарын пайдаланып жасалған 180 қылмыс тіркелсе, қарызға ақша алып қайтармау бойынша 87, несие беру саласында 36 және жылжымайтын мүлікке қатысты 1 қылмыстық құқықбұзушылық анықталған.
Ал алаяқтыққа қатысты ең аз қылмыс тіркелген өңір Ұлытау облысында – 79 жағдай. Одан кейін Жетісу мен Абай облытары тұр. Ескерте кетерлігі, бұл өңірлер осы жылдың маусым айында ғана құрылған.
Биылғы қаңтар-тамыз айларында алаяқтық құқықбұзушылықтан келген залалдың белгіленген мөлшері 61,2 млрд теңге болған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 48,3%-ға артық. Оның ішінде 39,3 млрд теңге жеке тұлғаларға, 15,1 млрд теңге заңды тұлғаларға, 6,8 млрд теңге мемлекетке келген залал.
-->Биылғы қаңтар-тамыз айларында елімізде «Алаяқтық» бабы бойынша 29,9 мың құқықбұзушылық тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3 пайызға артық, деп хабарлады Elorda.info.
Finprom.kz сарапшыларының мәліметінше, жыл басынан бері интернет-алаяқтық оқиғаларының саны 13,8 мыңға жетіп, барлық құқықбұзушылықтың 46,3%-ын құраған. Елімізде сондай-ақ төлем карталарын пайдаланып жасалған 180 қылмыс тіркелсе, қарызға ақша алып қайтармау бойынша 87, несие беру саласында 36 және жылжымайтын мүлікке қатысты 1 қылмыстық құқықбұзушылық анықталған.
Өңірлік тұрғыда мұндай қылмыстық құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген: 7 мың оқиға – бүл бір жыл бұрынғыдан 23,4%-ға артық. Сондай-ақ тағы екі қала – Нұр-Сұлтан (4,4 мың құқықбұзушылық, бір жыл бұрынғыдан 1,4% көп) және Шымкент (2,7 мың құқықбұзушылық, былтырғыдан 1% көп) алдыңғы орынға шығып отыр, - дейді сарапшылар.
Ал алаяқтыққа қатысты ең аз қылмыс тіркелген өңір Ұлытау облысында – 79 жағдай. Одан кейін Жетісу мен Абай облытары тұр. Ескерте кетерлігі, бұл өңірлер осы жылдың маусым айында ғана құрылған.
Жалпы, жыл басынан бері 3,9 мың адам алаяқтықпен ұсталды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,8 пайызға аз. Олардың көпшілігі, яғни 3,2 мың адам – жұмыссыз жүргендер. Сондай-ақ алаяқтардың арасында 114 жұмысшы, 98 мемлекеттік қызметкер, 60 жеке кәсіпкер, 42 студент, 10 әскери қызметкер бар, - делінген зерттеуде.