Әлеумет

Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына «Айбын» ордені табысталды

Абай облысы Жарма ауданында қаза болған өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені мен 3 бөлмелі пәтердің сертификаты берілді, деп хабарлады Elorda.info.

Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев пен ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Жарма ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде күйік шалып, қаза болған өрт сөндірушінің отбасымен кездесті.

Кездесу барысында марқұмның отбасына ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені мен 3 бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды.

-->

Айдос Тоғызбаевтың батылдығы, қайсарлығы мен өз қызметіне адалдығы баршамызға үлгі-өнеге болып қала бермек. Абай облысы тұрғындарының атынан марқұмның жолдасына, туған туыстарына тағы бір мәрте қайғырып көңіл айтамын, - деді облыс әкімі.