Жанармай бағасы қымбаттай ма – министр жауабы
Бұл сұраққа ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Министрдің айтуынша, биыл тамыз айында 517 мың тонна дизель жеткізілген.
-->Бұл сұраққа ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Бұған дейін де айтқанымыздай, келесі 180 күнге арналған бірлескен бұйрыққа қол қойылған. Жылдың соңына дейін баға өзгермейді. Келесі жылы қалай болатынын көреміз. Әріптесім Мағзұм Маратұлы айтты ғой, бағаның айырмашылығы қазіргі уақытта едәуір болып тұр. Екі жыл бұрын Ресей мен Қазақстандағы баға айырмашылығы 60-80 теңге болатын. Ал Қырғыз Республикасымен тіпті бірдей еді. Кейінгі екі жылда парқы қалай өзгергені өздеріңізге мәлім – екі есе айырмашылық бар. Бағаның қалай болатыны нарыққа байланысты. Бірақ соншалықты қатты өседі деп жоспарлап отырған жоқпыз, - деді министр.
Министрдің айтуынша, биыл тамыз айында 517 мың тонна дизель жеткізілген.
Келесі жылы да баға айтарлықтай өседі деген болжам жоқ. Қабылдаған шаралардың бәрі нарықты ретке келтірген кезде анық болады.Ешқандай бағаны қатты көтеру мәселесі жоспарда жоқ, - деді Б.Ақшолақов.