Күзде 18 мыңнан аса азамат әскер қатарына шақырылады
Биыл күзгі мерзімді әскери қызметке 18 мыңнан астам азаматты шақыру жоспарланған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі online-брифингінде ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілі Руслан Тапашев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
-->Биыл күзгі мерзімді әскери қызметке 18 мыңнан астам азаматты шақыру жоспарланған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі online-брифингінде ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілі Руслан Тапашев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Биыл әскер қатарына 18 мыңнан астам жас азаматтарымызды шақыру жоспарланып отыр. Оның ішінде өзіміздің Қарулы күштерге шамамен 8 мың азаматты шақырамыз. Басқа да әскери құрылымдарға 10 мыңнан астам азаматты мерзімді қызметке шақыру қарастырылған. Ал жалпы 760 мыңнан астам азамат бізде әскери есепте тұр, - деді Руслан Тапашев.