Әлеумет

Елордада гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмысын бастады

Онда бірінші кезекте қажетті тауарлар, азық-түлік (сақтау мерзімі ұзақ), жылы киім, тазалық құралдары керек. 

Сонымен қатар, партиялықтар мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелерінен волонтерлер тобы құрылды, олар Қостанай облысына қалпына келтіру жұмыстарына қатысу үшін жолға шығады.

Айта кетейік, қазірдің өзінде елордалықтар жолдаған алғашқы көмек жиын пункттеріне келіп түсуде.

-->

Онда бірінші кезекте қажетті тауарлар, азық-түлік (сақтау мерзімі ұзақ), жылы киім, тазалық құралдары керек. 

Амanat партиясының елордадағы филиалының жанында таңертеңнен бастап өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды. Қаланың белсенді азаматтары өз көмектерін көрсетуде. Барлық қайрымды жандарға алғыс айтамын, - деді 
Амanat партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының атқарушы хатшысының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов. 

Сонымен қатар, партиялықтар мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелерінен волонтерлер тобы құрылды, олар Қостанай облысына қалпына келтіру жұмыстарына қатысу үшін жолға шығады.

Дәл осындай уақытта біз елдігімізді, ауызбіршілігімізді көрсетуіміз керек. Себебі өзгенің басына түскен қиындыққа бейжай қарап, қол қусырып отыруға болмайды. Біз зардап шеккендерге мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге оралуға жағдай жасап, көмектесуіміз керек, - деді елордалық ерікті Диас Темірханов. 

Айта кетейік, қазірдің өзінде елордалықтар жолдаған алғашқы көмек жиын пункттеріне келіп түсуде.