«Әйелдерге тең мүмкіндіктер жасау»: елордада семинар-тренинг өтті
Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық бастамалар орталығында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысының бастамасы бойынша «Әйелдердің рөлін арттыру және өзін-өзі жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктер жасау» тақырыбында семинар-тренинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесудің мақсаты - отбасындағы әйелдердің рөлін түсіндіру және отбасы институты мен мәдени құндылықтарды нығайту, дағдарыс жағдайында әйелдерге көмек көрсету.
Кездесуге комиссия мүшелері мен азаматтық сектор өкілдері қатысты.
Семинар-тренинг барысында комиссия мүшелері Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» Жолдауы шеңберінде отбасылық өмірдегі жауапкершілікті күшейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсету, біреудің тарапынан көсетілген қысымнан қорқудың жолын кесу әдістері туралы ой бөлісті. Бұл тақырыптарды түсіндіру мақсатында іс-шаралар жоспарланған.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан шығаруға және олардың қауіп-қатер аймағына кіруіне жол бермеуге бағытталған заң жобасын түсіндіру мақсатында әртүрлі сипаттағы тақырыптық іс-шаралар жоспарланған.
Бұған дейін комиссия мүшелері мемлекеттік отбасылық саясаттың жұмыс істеуі және оны іске асыру мақсатында елорданың әлеуметтік орталықтарына баруды ұйымдастырды.
Кездесу соңында қатысушылар проблемалық мәселелерді шешу бойынша пікір алмасып, алдын алу іс-шараларын өткізу туралы шешім қабылдады.
-->Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық бастамалар орталығында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысының бастамасы бойынша «Әйелдердің рөлін арттыру және өзін-өзі жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктер жасау» тақырыбында семинар-тренинг өтті, деп хабарлады Elorda.info.