Алматыда әйел балаларын көлге батырып, өлтірмек болған
Басированың айтуынша, әйел бұл әрекетке күйеуін жұмыстағы әріптестерінен қызғанғандықтан барған. Сол себепті өшін балалардан алмақ болыпты. Сондай-ақ күдіктінің жүкті екені белгілі болды. Одан бөлек, отбасының үш баласы бар. Үлкендері үш және төрт жаста, кішісі бір жастан енді ғана асқан.
Stan.kz жазғандай, қазір әйел психоневрологиялық диспансерде жатыр. Қоғам белсендісінің сөзінше, күдікті бұған дейін ешқандай есепте тұрмаған.
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлауынша, балалар ауруханадан шығарылды. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір балалар әкесімен бірге көрінеді.
-->Басированың айтуынша, әйел бұл әрекетке күйеуін жұмыстағы әріптестерінен қызғанғандықтан барған. Сол себепті өшін балалардан алмақ болыпты. Сондай-ақ күдіктінің жүкті екені белгілі болды. Одан бөлек, отбасының үш баласы бар. Үлкендері үш және төрт жаста, кішісі бір жастан енді ғана асқан.