«Өкпемнің орны бар деп ойлаймын»: Ринат Зайытов Бекболат Тілеуханға жазба арнады
Сондай-ақ ол Тілеухан Қаңтар оқиғасынан хабарсыз болды дегенге сенбейтінін айтты.
Оқи отырыңыз: «Ішіп алып, шегіп алып айта береді»: Бекболат Тілеухан Ринат Зайытовқа жауап берді (ВИДЕО)
Дегенмен ақын жазбасының соңында бұл дауға нүкте қоятынын жеткізді.
-->Маған жолдаған видеосәлеміңізді көрдім. Таңырқадым деп өтірік айта алмаймын. Осылай қабылдайтыныңызды сездім. Бірақ түсіндірмесін кездескенде беремін-ау деп ойлағанмын. Оған мына әлеуметтік желідегі әңгіме өзіміз тоқтатпай, тыйылмайтын сияқты. Сондықтан бір сөзімді жеткізуге тырысайын. Аға, өзіңізге былтыр ғана хабарласқандағы айтқан сөзім — сол сөз. Мен сізді ештеңеге қарамастан «аға» деп құрметтеймін, «қайталанбас талант» деп жақсы көремін! Ал кейбір жағдайларда танытқан осалдығыңызды тура сынасам, ол — інілік назым, ақындық асаулығым. Ол өкпемнің орны бар деп ойлаймын, - деп жазды Ринат Зайытов.
Сондай-ақ ол Тілеухан Қаңтар оқиғасынан хабарсыз болды дегенге сенбейтінін айтты.
Оқи отырыңыз: «Ішіп алып, шегіп алып айта береді»: Бекболат Тілеухан Ринат Зайытовқа жауап берді (ВИДЕО)
Себебі қазіргі уақытта біздің елде ресми мәліметтер «Қаңтардағы қырғынға» сіздің дос тұтып жүрген азаматтарды күдікті деп танып, тергеу жүргізуде. Демек, егер ол мәліметтер рас болса, сіздің достарыңыздың жоспарларынан хабарсыз болғаныңызға сенбеймін. Ал өтірік болса, онда қазіргі билік бізді алдап, ақымақ көріп, жазықсыз адамдардың мойнына жүздеген адамның қанын артқалы тұр деген сөз. Сіздікі қайсысы? Не болса да, екі жағдайда да ештеңе көрмегенсіп, үндемей қалу сізге сын, аға, - деді Зайытов.
Дегенмен ақын жазбасының соңында бұл дауға нүкте қоятынын жеткізді.
Жақсы. Жауап ойлап алтын уақытыңызды кетірмеңіз. Сізге бірдеңе дәлелдеп, ырылдасып-таласу ойымда жоқ. Өйткені қазақ онсыз да жан-жаққа топталып алып, қырықпышақ болып жатыр. Енді қалғаны Бекболат Тілеухан мен Ринаттың жақтастарының шайқасуы ма? Құрысын. Айып етпеңіз. Ондай елге еш пайдасы жоқ, «өнбес өсектер» жарысына жүйкем мен уақытымды кетірмеймін. Бекболат аға, сіздікі — «дұрыс», менікі — «ағаттық». Сіз — жақсы, мен — жаман. Осы жерден қойдым. Сіз де сөйтетін шығарсыз? - деді Ринат Зайытов.