Әлеумет

Үкімет бағаны реттемесе, Қаңтар оқиғасы қайталануы мүмкін – Ринат Зайытов

Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында ақын Ринат Зайытов Үкімет қымбатшылықты еңсермесе, тағы бір Қаңтар оқиғасы болуы мүмкін екенін ескертті.  

Оның айтуынша, мемлекеттен ешқандай қолдау болмайтын болса, ол аяғы бұл қымбатшылық тағы да бірдеңеге апарып соғады. Ақын сонымен қатар Қаңтар оқиғасы кезінде тіл үшін шықпағанын, бүкіл Қазақстанды «ГАЗ-50» деген әңгіме төңкеріп тастағанын еске алды.

Ақын бір жылдары «Еуразия» арнасында жұмыс істеп жүргенде журналистер зерттеу жүргізіп, несие туралы бағдарлама жасалғанын айтады. Сол кезде Қазақстанның 96 пайызы, бір сөзбен 100-ден 96 бөлігі тұтынушылық несие алғаны белгілі болған.

Ринат Зайытов сонымен қатар карантин кезінде үйлерге тамақ таратқанын еске алды. Сонда бір үйге барып, тамақты қораппен апарып берген екен. Бір бөлме жалдап тұрып жатқан отбасы апарған тауық етіне қарап, «ойбай, ет жемегенімізге 6 айдай болып еді» деп айтқанын еске алады.

 

-->

Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында ақын Ринат Зайытов Үкімет қымбатшылықты еңсермесе, тағы бір Қаңтар оқиғасы болуы мүмкін екенін ескертті.  

Қымбатшылықты сезесің ғой. Қазір балалар сабаққа дайындалып жатыр. Бір үйден төрт оқушы барады. Сезіледі, әрине. Қымбатшылық деген де өзіміздің кебіміз. Осы 30 жылдың ішінде қазақ не ашты? Не істеді? Ресторан мен сауна аштық. Басқа түк ашқан жоқпыз. Өндіріс жоқ. Қымбаттамағанда қайда барады? Біреудің ақшасына қарап отырмыз. Мына жақтан Қытайға, анау жақтан орысқа, анау жақтан Түркияға қараймыз. Осылар не бере қояды екен деп. Өзімізде қаншама зауыт болды. Бәрі қаңырап тұр мысалы. Әйтпесе, қазірдің өзінде жоқ емес, бар. Қазақша аяқ киім, сөмке шығаратын адамдар бар. Бірақ оның ауқымы түгел Қазақстанды қамтамасыз етуге қайдан жетсін?! Қазақстан түгілі бір ауданды қамтамасыз ете алмайды олар, толық, - дейді Р. Зайытов.

Оның айтуынша, мемлекеттен ешқандай қолдау болмайтын болса, ол аяғы бұл қымбатшылық тағы да бірдеңеге апарып соғады. Ақын сонымен қатар Қаңтар оқиғасы кезінде тіл үшін шықпағанын, бүкіл Қазақстанды «ГАЗ-50» деген әңгіме төңкеріп тастағанын еске алды.

Сонда бізде бірінші орында ішіп-жеу тұр. Соған мән береміз де, содан кейін қымбатшылық әлі де болады. Менің ойымша, бұдан да қымбаттайтын сияқты. Мемлекеттен бағдарламалар болған жоқ емес, болды. Бірақ оны қалай қолданды? Бірақ соның қызығын санаулы адамдар көрген шығар. Мынау Есімовтікі, мынау анаудікі болды. Бір керемет егін де егіліп жатқан жоқ. Мал да ұсталып жатқан жоқ. Субсидиялар мысалы бәләмбай миллиардап беріледі, мысалы. Ауылдың адамдарына «мал өсірсеңдерші, бірдеңе істесеңдерші» десең, «қайда жаясың?» дейді. Жер жоқ қайда жаямыз деп қиналады. Қиын ғой оның бәрі, - дейді ақын.

Ақын бір жылдары «Еуразия» арнасында жұмыс істеп жүргенде журналистер зерттеу жүргізіп, несие туралы бағдарлама жасалғанын айтады. Сол кезде Қазақстанның 96 пайызы, бір сөзбен 100-ден 96 бөлігі тұтынушылық несие алғаны белгілі болған.

Оны не үшін алады? Той жасау үшін. Ремонт жасау үшін, баласын оқыту үшін алады. Халықтың жағдайы не болды? Енді ойлаңыз. Биыл бала-шағасына мектепке бару үшін киім-кешек, дәптер-рюкзакты несиеге алып жатқан адамдар бар. Бұл қымбатшылықтың кері. Ешқандай алға ілгерілеу жоқ. Керісінше, төмендеу бар. Енді алдағы уақытта құдай бетін ары қылсын, бірақ күнделікті тамақтың өзін, нанды, май мен сүтті осындай несиеге алып жатсақ, мен таңғалмаймын. Кез келген адамның басына келуі мүмкін. Арты жақсы болмайды, - дейді ақын.

Ринат Зайытов сонымен қатар карантин кезінде үйлерге тамақ таратқанын еске алды. Сонда бір үйге барып, тамақты қораппен апарып берген екен. Бір бөлме жалдап тұрып жатқан отбасы апарған тауық етіне қарап, «ойбай, ет жемегенімізге 6 айдай болып еді» деп айтқанын еске алады.

Қасымдағылардың бәрі таңғалады. Неменеге таңғаласыңдар дедім. Біз 2000 жылдардың басында екі кандитаттың Төлен Тоқтасынов пен Нұртай Сәбиляновпен бірге жүрген кезде бір ауылға барсақ, балалар футбол ойнап жүр екен. Аяғына пакет киіп алып, орап қойыпты. Алыстан қарасаң, бір әдемі кроссовка сияқты. Бірақ екі түрлі. Аяқ киімі жоқ. Мектепке әке-шешесі әперсе әперді, әпере алмаса ол да жоқ. Екі мыңыншы жылдардың басында болған жағдай. Ал қазір қант таба алмай жатыр. Адамдар маған хат жазады. 2020 жылы бір хатта бір адам Фабричный жақта тұратынын, балам «мамамның аяқ киім алуға ақшасы жоқ, Аяз Атадан аяқ киім берші» деп сұрады деп жазыпты. Бүйрегі ауыратын кішкентай қыз екен. Сонда 4-5 адамның хатын әкімдікке апарып, «Аға, жаңа жылдың алдында біздің әкімдікке де пиар болады. Кішкене осындай жақсылықтарды істеп жіберсеңіздерші» десем, «қарастырамыз» деді. Оның бәрі бір күні Қаңтардағы сияқты көшеге шығады, - дейді Ринат Зайытов.