Әлеумет

Қазақстандық әскерилер «Әлем жауынгері» байқауында үздік атанды

Қазақстандық артиллеристердің, әскери топографтар мен атқыштардың халықаралық армия ойындары байқауларындағы сенімді жеңістерінен кейін Қазақстанның тағы төрт командасы Әзербайжан, Армения және Ресейдегі жарыс алаңдарында өнер көрсетуін жалғастыруда.

Армениядағы Дилижанда өтіп жатқан "Әлем жауынгері" байқауының "Ратник" кезеңінде қазақстандық команда ерлер арасындағы әскери-қолданбалы кешенде жеңіске жетті. Екінші орында – Беларусь, үшінші орында – Ресей командалары. Дүйсенбіде атыс жаттығуларынан, әскери-медициналық және әскери-қолданбалы кешендерден тұратын кезеңнің соңғы нәтижелері шығарылады. 

Кабардино-Балкарияда "Терскол" тау дайындығы оқу орталығында "Эльбрус сақинасы" конкурсында көшбасшылық үшін табанды күрес жалғасуда. Бір күн бұрын әскери альпинистер тоғызыншы арнайы тапсырманы орындады. Жартас учаскесінен өту жарысында Қазақстан командасы үшінші нәтиже көрсетті. Бірінші орында – Ресей командасы, екінші орында - Өзбекстан.

Байқауға қатысушылар Ирик шатқалынан (2 800 м) Кіші Азау мұздығына (3 264 м) 25 шақырымдық жаяу марш жасайды. Дүйсенбі күні байқауға қатысушылар мұз учаскесінде көтерілу/түсу және зардап шегушіні тасымалдауға арналған арнайы тапсырмаларды орындайтын болады.

Мәскеу түбіндегі "Алабино" полигонында Қазақстан командасының танкистері "Танк биатлоны" жартылай финалдық эстафетасының өтетін күні мен қарсыластарын анықтайтын жеребе тартуды күтуде. Бүгін Әзербайжандағы "Теңіз кубогы" байқауында қатысушылар жауынгерлік жүзушілер шеберлігінде бақ сынайтын болады.

-->