«Қыздарды зорлайды»: студент қыздың мәлімдемесіне қатысты ЖОО басшылығы пікір білдірді
TikTok желісінде Назарбаев университетінің Адина есімді студентінің үндеуі жарияланды. Айтуынша, университетте құрбысын зорлаған ер адам екінші құрбысын да жыныстық қатынасқа түсуге көндірмек болған.
Оқи отырыңыз: «Қыздарды зорлайды»: елордалық полиция Назарбаев Университетінде тексеріс бастады (ВИДЕО)
Студент мұндай жағдай өзінің де басынан өткенін айтқан. Осы оқиғаға байланысты университет тарапы пікір білдірді.
-->

Назарбаев Университетінің студенті айтқан, тексеруді талап ететін сексуалдық сипаттағы құқық бұзушылық жағдайлары туралы ақпарат бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының Полиция басқармасы тиісті процессуалдық әрекеттерді жүргізуде. Университет кез келген зорлық-зомбылық әрекетіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады және тергеуге жан-жақты көмек көрсетеді, – деді университет басшылығы.