Әлеумет

Түркістандық тұрғын қызын ҰҚК-ге жұмысқа тұрғызамын деп 4 миллион теңгесінен айырылды

Әйел арманындағы жұмысқа қызын орналастыру үшін 4 миллион теңге беруге дайын болған. Сөйтіп өзі танитын ер адамға қаражатты ұсынған. Азамат та өз кезегінде жұмысқа тұрғызатынын уәде еткен. Ер адам біраз уақыт хабарсыз кеткен соң, әйел өзінің алданып қалғанын түсінген. 

2 жылдан кейін әйел полициядан көмек сұраған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Күдікті ҰҚК-мен байланысы жоқ, жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

-->