Әлеумет

Министрлік 1 млн теңгеге дейін әлеуметтік көмек көрсететіні рас па

Кейін материалдық көмек көрсету мақсатында белгісіз біреулер шоттардағы тыйым салуды алып тастауды және қарызды жабуды сұрайды. Ал азамат уәде етілген материалдық көмекті алу үшін шотынан тыйым салуды алып тастағаннан кейін белгісіз біреулер техикалық ақауларға және көмек көрсетудің мүмкін еместігін айтады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі министрлік қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайтынын, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлемдер азаматтардың өтініштері негізінде жүргізілетінін хабарлайды.

Сонымен қатар азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұрайды.

-->

Белгісіз тұлғалар өздерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға телефон соғып, 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп жазылған хабарламада.