Әлеумет

«Теріскейге көш»: «Turkistan» телеарнасы жаңа жобаны бастады (ВИДЕО)

Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі халық санының кемуі соңғы уақытта қауіпті сипат алды. Қазір мұнда тек шал-шауқан зейнеткерлер ғана тұратын ауылдарға ешкім таң қалмайды. Оқушы жоқтықтан екі-үш қабатты еңселі мектептер жабылып, қаңырап қалуда.

Ал еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында жағдай керісінше. Осыған байланысты 2016 жылдан бастап, жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге азаматтардың ерікті түрде қоныс аудару шаралары қолға алынған болатын. Денгенмен, көш қарқыны ойдағыдай емес. Мысалға, осы аралықта СҚО-ға бар болғаны 287 отбасы немесе 959 адам ғана көшіп барған.

Елдің ертеңі үшін маңызды шараға серпін беру үшін «Turkistan» телеарнасы «Теріскейге көш» атты тележобаны бастады. Телеарнаның түсірілім тобы Солтүстік Қазақстан облысының аумағын түгел аралап, көшіп келушілерге жасалған жағдаймен танысты. Қоныс аударып келген отбасылардың пікірін тыңдады.

Айта кетейік, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары, сондай-ақ Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларынан Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныс аударушыларға қолдау көрсетіледі.

Көшіп келушілерге;

- отбасының әрбір мүшесіне көшуге 70 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем (2022 жылы - 222,6 мың теңге);

- тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарын жабу үшін төлем 1 жыл ішінде ай сайын төленеді. Төлем мөлшері қалаға қоныс аударғандар үшін бір адам үшін 20 АЕК-тен (61,3 мың теңге), отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп адам болса 30 АЕК-ке (91,9 мың теңге) дейін, ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін – бір адам үшін 15 АЕК-тен (45,9 мың теңге) бастап, отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болса 21 АЕК-ке дейін (64,3 мың теңге) құрайды.

Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа орналасқан және тұрғын үймен қамтамасыз етілген әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

Сондай-ақ, мемлекет жұмыс берушілерге қоныс аударушылар үшін ауылдық жерлерде жаңа тұрғын үй салуға жұмсалған шығынның 50%-на дейін субсидиялайды.

-->