Биыл елімізге 200 мыңға жуық шетелдік турист келген
2020 жылғы қарашада іске қосылған жүйе қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 3 қаланы және 14 облыс орталығын қамтиды.
еQonaq жүйесі туристік ағымға талдау жүргізуге және көші-қон қызметін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Мұнда 7 300-ден астам орналастыру орны тіркелген.
Биылдың өзінде статистикаға сай шетелдік туристер басым өңірлер қатарында:
- Алматы (73 012 адам);
- Нұр-Сұлтан (44 859 адам);
- Қызылорда облысы (9 735 адам);
- Маңғыстау облысы (9 384 адам) бар.
Олардың 67%-ын Ресей Федерациясынан, 16%-ын Өзбекстаннан, 6%-ын Түркиядан, 4%-ын ҚХР-дан және 7%-ын басқа мемлекеттерден келген туристер құрайды.
Айта кетейік, eQonaq.kz сайтында ай сайын шетелдік туристер бойынша статистикалық мәліметтер жарияланады.
-->2020 жылғы қарашада іске қосылған жүйе қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 3 қаланы және 14 облыс орталығын қамтиды.