Әлеумет

Елде соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері пойыздарда тегін жүреді

-->

Оларға тек 9 мамыр – Жеңіс күнінде емес, жыл бойы көмектескіміз келеді. Осыған байланысты біз ұлттық еріктілер желісімен бірге «Жеңіс» әлеуметтік жобасын Қазақстан бойынша жүзеге асырамыз. Жоба 2 бағыттан тұрады. Біріншісі, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне (олардың жас ерекшелігіне қарамастан) материалдық және әлеуметтік қолдау көрсету. Екіншісі, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен 1935 жылғы 31 желтоқсанға дейін дүниеге келген тыл еңбеккерлері Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінің аумағындағы бағытта пойыздарда ақысыз жүре алады, - деді А.Адиева.