«Samruk-Kazyna Trust» соғыс ардагерлеріне көмекке 115 млн теңге бөлді
-->
Биыл «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Жеңіс» жобасын қаржыландыруды жалғастыруда. Шілде айында қордың Қамқоршылық кеңесі жобаның 1935 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері Қазақстан бойынша ғана емес, сонымен қатар ТМД елдері бойынша да пойызда тегін сапар жасай алатын бюджетін мақұлдады. Ол үшін кассаға соғыс ардагері немесе тыл еңбеккері құжатын ұсыну қажет, - деді «Samruk-Kazyna Trust» қорының жетекшісі Альфия Адиева.