Әлеумет

Қазақстан гендерлік теңдіктің жаһандық рейтингісінде нешінші орында

Қазақстан гендерлік теңсіздіктің жаһандық индексі бойынша «көршілес» және рейтингте Италия, Израиль, Грузия және Сингапур сияқты елдерден сәл төмен, бірақ бұл ретте Словакия, Моңғолия, Чехия, Польша немесе Армениядан алда тұр. Орталық Азия елдерінде Қазақстан 4-орында.

Еңбек нарығындағы мүмкіндіктерге қатысты Қазақстан бір жұмыс үшін жалақының теңдігі өлшемі бойынша 46-орынды, жұмыс күшіне қатысу деңгейі бойынша 51-орынды және біліктілігі жоғары және орта білікті қызметкерлер арасында әйелдердің тең өкілдігі бойынша 1-орынды алады.

Сонымен қатар, қолданыстағы электронды еңбек келісімшарттары бойынша жүргізілген талдауға сәйкес, әйелдер Қазақстандағы жоғары білікті мамандардың негізін құрайды. Алайда басшылық лауазымдардағы әйелдердің ерлерге қатынасы айтарлықтай төмен. Сондай-ақ, біліктілігі төмен еңбекпен айналысатын әйелдердің саны ерлерге қарағанда едәуір көп. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында, құрылыста, өнеркәсіпте және көлікте ерлердің айтарлықтай үстемдігі байқалады.

Қызметкерлердің кірістерін ескере отырып, ерлердің орташа жалақысы негізгі жұмыс топтарындағы әйелдерге қарағанда едәуір жоғары. Мысалы, ер басшылар әйел менеджерлеріне қарағанда орта есеппен 12,4% жоғары жалақы алады. «Кәсіби мамандар» тобындағы әйелдердің көп болуына қарамастан, олардың жалақысы ерлерге қарағанда 29,0%-ға аз. Ең үлкен алшақтық «өнеркәсіп, құрылыс, көлік жұмысшылары» тобына тиесілі, мұнда ерлердің орташа жалақысы әйелдермен салыстырғанда 69% - ға жоғары.

-->

«Сарапшылар қарастырылып отырған критерийлер аясында Қазақстанның ең үлкен жетістігі әйелдер мен ерлер үшін мектептегі және кәсіптік білімге қолжетімділік бойынша толық теңдік болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, денсаулық сақтау және өмір сүру критерийі бойынша жоғары бағалар алынды, онда салауатты өмірдің орташа ұзақтығы және туу кезіндегі жыныстық теңдік ескеріледі. Осы көрсеткіштер бойынша бізді тиісінше 27 және 44 орынға орналастырды», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.