Әлеумет

Қаңтар оқиғасы: зардап шеккен кәсіпкерлер салықтан босатылады

Салық кодексі бойынша шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсiнің төтенше жағдай кезеңiнде келтiрiлген мүлiктiк залалды өтеу үшiн алған ақша сомасын жылдық жиынтық табыстан алып тастауды көздейді.

Жеке тұлғаларға төлемдер табыс ретінде есептеледі. Бірақ оған жеке табыс салығы салынбайды.  Сонымен қатар, салық агенті (жұмыс беруші) жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияда (200-нысан) төленген сомаларды көрсетуге міндетті.

-->

Салық кодексі бойынша шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсiнің төтенше жағдай кезеңiнде келтiрiлген мүлiктiк залалды өтеу үшiн алған ақша сомасын жылдық жиынтық табыстан алып тастауды көздейді.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер – шағын және орта бизнес субъектілері төтенше жағдай кезінде келтірілген мүліктік залалды өтеу үшін ақша алған жағдайда жылдық жиынтық кірісті түзетуге құқылы. Егер әкімшілік құрған комиссияның шешімі болып, осы комиссияның тізіміне кәсіпкер енсе, осындай түзетуді қолдана алады. Корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында Салық кодексінің 241-бабының 1-тармағына сәйкес жылдық жиынтық табысты түзету корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда (100.00-нысан) көрсетілуге жатады, - деп жазылған хабарламасында.