Әлеумет

«Zhas Project» жобасына өтінім қабылдау жүріп жатыр

Ал үздік деп танылған 250 жобаға грант беріледі. Жобасын жүзеге асыру үшін авторға 1 млн теңге қаржылай грант беріледі.

-->

«Zhas Project» жобасының грантына өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлаймыз. Құжат қабылдау 10 тамызға дейін жалғасады. Жоба байқауына еліміздің 6 өңірінің жастары қатыса алады. Оның қатарында Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан және Маңғыстау облысы бар. «Zhas Project» жастарды елдің экономикасы мен әлеуметтік өміріне тарту және олар ұсынған жобаларды қолдауға бағытталған, - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар және отбасы істері жөніндегі комитеттің төрағасы Қайрат Баймолдинов.

Ал үздік деп танылған 250 жобаға грант беріледі. Жобасын жүзеге асыру үшін авторға 1 млн теңге қаржылай грант беріледі.