Күзде дизель отыны қымбаттайды
-->
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отыны еш уақытта тапшы болған емес. Мен ұзақ жылдан бері осы салада жұмыс істеп келемін. Әр уақытта да ең бірінші кезекте көктемгі және күзгі жұмыстарға дизель отының белгілі көлемін бөліп отырдық. Оның үстіне келіссөз жүргізіп, арзан бағамен беріп келдік. Себебі, елімізде дизель отынына мемлекеттік субсидия жоқ. Биыл 1 тоннасы 212 мың теңгеден болды. Енді күзде тоннасы 222 мың теңге болады, - деді министр.