Әлеумет

Жаңадан құрылған облыстарда тұрғын үй бағасы 10%-ға қымбаттаған

Жаңа өңірлер ғана емес, жалпы ел аумағында мүлікті сатып алу-сату келісімдері біршама азайған. Оған не себеп?

Мамандар тұрғын үйдің өз бағасын есептеу қиындағанын айтады. Оған әлемдегі геосаяси ахуал, қымбатшылық, логистикалық кедергілер әрі құрылыс материалдарының 90 пайызы шетелден алынуы себеп. Риэлторлар сатушылардың екінші нарықтағы пәтер бағасын шарықтатып қойғанын айтады. Әсіресе, Семей, Жезқазған, Қонаев қалаларында 10 процентке өскен. Осылайша 1 шаршы метрі 250-300 мың теңгені құрады. Сәл түсіргендей болатындар, әлбетте, мүлік кілтін жаңа иесіне табыстайды. Наурыздан бері елде ай сайынғы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату келісімдері 30 мыңға азайып жатыр. Халық екінші нарықтағы бір бөлмелі пәтерлерді көп таңдайтын болған. Ал әзірге баспананың арзандайтынын айтып, сүйінші сұрауға ешкім асықпайды. Себебі нарықтағы ахуалды болжау қиын. Саладағы сарапшы Зульфия Гетманчук сұраныстың азаюы үлескерлер дауының қайта өршуіне алып келуі мүмкін дейді.

-->