Еліміздегі қоғамдық тамақтану орындары қантпен қамтамасыз етіледі
Кездесуге ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай, ИСМ Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев, сондай-ақ Қауымдастық төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова қатысты.
Еске сала кетейік, кеше Қоғамдық тамақтану қауымдастығы қантпен қамтамасыз етудегі қиындықтарға байланысты қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының банкротқа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
Талқылау қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесті қосымша қолдау және қоғамдық тамақтану объектілерінің индустриялық қант қажеттілігін толық қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.
Қоғамдық тамақтану объектілеріне басымдық бере отырып қант жеткізуді ұйымдастыру үшін бүгінгі күннің ішінде оларға қажетті қант көлемі айқындалатын болады.
Бірінші кезеңде халық саны неғұрлым көп үш аймаққа мың тоннадан астам қант жеткізілетін болады.
-->Кездесуге ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай, ИСМ Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев, сондай-ақ Қауымдастық төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова қатысты.
Еске сала кетейік, кеше Қоғамдық тамақтану қауымдастығы қантпен қамтамасыз етудегі қиындықтарға байланысты қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының банкротқа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
Талқылау қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесті қосымша қолдау және қоғамдық тамақтану объектілерінің индустриялық қант қажеттілігін толық қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.
Қоғамдық тамақтану объектілеріне басымдық бере отырып қант жеткізуді ұйымдастыру үшін бүгінгі күннің ішінде оларға қажетті қант көлемі айқындалатын болады.
Бірінші кезеңде халық саны неғұрлым көп үш аймаққа мың тоннадан астам қант жеткізілетін болады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі қанттың қосымша көлемін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жөнелтеді. Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажетті қант көлемін есептейді. Бұл орайда қауымдастық пен әкімдіктер аталған қантты беру алгоритмін әзірлейді, — деді кеңес соңында ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.