Енді ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен жалға алуға болады
Аталған кеңеске Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Жасыл Даму» АҚ және Қазақстан фермерлер одақтары қауымдастығының өкілдері қатысты.
Бұл бағдарламаға шамамен 40 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Қаржыландыруды «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары жүзеге асыратын болады.
-->Аталған кеңеске Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Жасыл Даму» АҚ және Қазақстан фермерлер одақтары қауымдастығының өкілдері қатысты.
Осы кеңестің қорытындысы бойынша тараптар «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен жалға беру тетігінің негізгі тәсілдерін талқылап, келісті. Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдіктілген тәртіпте лизингке алу тетігін биылғы жаппай егін жинау жұмыстары басталғанға дейін, яғни қысқа мерзімде қабылдау жоспарланып отыр. Бағдарламаның шарттары шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарының техниканы сатып алуын ынталандыруға бағытталады, - делінген министрлік хабарламасында.
Бұл бағдарламаға шамамен 40 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Қаржыландыруды «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары жүзеге асыратын болады.