Астана медицина университетінің экс-проректоры пара алғаны үшін сотталды
Сот Гриценконы 3 жылға бас бостандығынан, делдал Қапаровты 7 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады
-->Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотының үкімімен «Астана медицина университеті» КЕАҚ проректоры М. Дәулетьярова қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жеке компаниялардың басшысы Э. Гриценкодан электронды кітаптарды жеткізудегі жалпы қамқорлығы үшін 10 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін, сондай-ақ делдал М. Қапаров арқылы ректор лауазымына тағайындау үшін 47 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген агенттік хабарламасында.
Сот Гриценконы 3 жылға бас бостандығынан, делдал Қапаровты 7 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады