Еліміздегі ең жас әкім қай жақты басқарады
Ranking.kz мәліметі бойынша, елімізде жасы үлкен әкім 68 жаста, Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысын басқарады. Одан кейін жаңадан құрылған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев (59 жас) және Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин (58 жас)
Ең жас өңірлік әкім Мұрат Әйтенов (40 жаста) Шымкент қаласын басқарады. Бұл қатарда Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов (43 жаста) және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов (44 жаста) бар.
Еліміздің ең жас әкімі Мұрат Әйтенов 38 жасында әкім лауазымына келді. Оның өңір басшысы болып қызмет ету мерзімі 2,5 жылды құрайды. Шығыс Қазақстан облысын басқаратын Даниал Ахметов 7,7 жыл қызмет атқарады (ең ұзақ мерзім). Ол 60 жасында облыс әкімі лауазымына тағайындалды. Ең қысқа жұмыс кезеңі — жаңа құрылған Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиевте: бар болғаны 20 күн, осы жылдың 11 шілдесінен бастап.