Әлеумет

Елімізде туристердің ұсыныс-шағымын жинау цифрландырылуы мүмкін

Деректерге сәйкес,  Бурабайға 550 мың адам (2021 жылы – 300 мың адам) барған. Бірінші жартыжылдықта Алматы тау кластерінің ұлттық парктеріне барған туристер саны 50% артқан. Сондай-ақ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда «Шымбұлақ» тау курорты туристерінің саны екі есеге көбейген.

«Осыған байланысты «жұмсақ» инфрақұрылымға, әсіресе курорттық аймақтардың тазалығына жүктеменің артуы байқалады. Бурабай, Алакөл, Имантау-Шалқар курорттық аймақтарында, Алматы өңірінің ұлттық парктерінде, Маңғыстау облысында қоқыс контейнерлері жетіспейді», - делінген ұсынылған хабарламада.

Ералы Тоғжанов ұлттық парктер мен курорттық аймақтардың аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды бір күн ішінде шығаруды тапсырды. Сондай-ақ қоқысты жиі шығарып отыруды, қосымша контейнерлер орнатуды жүктеді. Бұдан бөлек, сервис сапасын арттыру мәселелеріне жедел ден қою мақсатында shagym.kz модулін кеңінен енгізу қажеттігі айтылды. Осылайша туристердің шағым-ұсыныстарын жинау процесі цифрландырылмақ. Кеңес барысында туристердің қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

-->