Нұр-Сұлтанда өткен айда 2,5 мың көлік сатылды – сараптама
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметі бойынша, жыл басынан бері Еуропада 5,6 млн жаңа автокөлік сатылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,7% пайызға аз.
Елімізде маусым айында жаңа автокөліктерді сату 11,9 мың бірлік техниканы құрады. Бұл 2021 жылғы маусыммен салыстырғанда 1,1% - ға аз. Отандық автомобильдердің үлесі жалпы сатылымнан 83,5%-ға дейін өсті.
Еліміз бойынша маусым айында жаңа автокөліктерді сатудың жартысынан астамы тек 3 мегаполиске тиесілі болды: Алматы (3 мың машина), Нұр-сұлтан (2,5 мың) және Шымкент (1,4 мың). Сондай-ақ, Қарағандыда (810 бірлік) және Қостанайда (712 бірлік) айтарлықтай сату көлемі байқалды.
-->Energyprom.kz сарапшыларының мәліметі бойынша, жыл басынан бері Еуропада 5,6 млн жаңа автокөлік сатылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,7% пайызға аз.