Республикалық автобан бетоны күннің ыстығынан көтерілді
Inform.kz мәліметінше, окиға кеше болған. Желіде тараған видеолардан жолдағы бетонның көтеріліп, көліктердің жүруіне кедергі келтіріп жатқанын көруге болады. «Республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автожолының Түркістан қаласы Темірлан ауданы маңындағы бөлігінде (2234 км) ауа температурасының жоғарылауына байланысты (+47С дейін) цемент-бетон жабыны қопсып кетті»,- делінген Qazavtojol Turkestan мекемесінің Facebook парақшасында шыққан ақпаратта. «ШымкентДорстрой ӨК» ЖШС мердігерлік ұйымы ақауды жою жұмысын жүргізді. Оған Экскаватор, асфальт таптағыш машина, КАМАЗ, жіккесу құрылғысы және 10 жұмысшы жұмылдырылған.
-->