Елімізде жұмыс іздеушілер саны едәуір артты
Қазақстандағы және ТМД-дағы жетекші онлайн жұмыс іздеу платформасы HeadHunter мәліметтері бойынша, 2022 жылдың екінші тоқсанында жұмыс берушілер бірінші тоқсанмен салыстырғанда веб-сайтта бос жұмыс орындарын 16,6% көп жариялаған.
Қалалар бойынша бос жұмыс орындарының динамикасына қарасақ, Алматы (республикадағы барлық бос жұмыс орындарының 40,9%), Нұр-Сұлтан (20,6%) және Қарағанды (5,7%) көш бастап тұр. Ең белсенді өсім Ақсай (+85,7%), Жезқазған (+35,2%), Тараз (+28,9%) және Семей (+28,3%) қалаларында байқалды. Бос жұмыс орындарының азаюы ешбір қалада байқалмады.
Сонымен қатар бірінші тоқсанмен салыстырғанда өтініш берушілердің белсенді түйіндемелерінің саны да 85,5% өсті. 500 мыңнан астам қазақстандық жұмыс іздеген. Белсенді түйіндемелердің ең көп санын Алматы (40,1%), Нұр-Сұлтан (19,4%) және Шымкент (5,9%) қалалары көрсетті.
Үміткерлердің түйіндемесіндегі ең көп таралған мамандықтар:
- сату жөніндегі менеджер, тұтынушыларға қызмет көрсету жөніндегі менеджер (8,9%);
- сатушы-кеңесші, сатушы-кассир (8,7%);
- бухгалтер (5,5%);
- әкімші (5%);
- жүргізуші (4,7%);
- оқытушы, мұғалім, тәрбиеші (3,7%);
- даяшы, бармен, бариста (3,3%);
- курьер (2,8%);
- бағдарламашы, программист (2,7%);
- байланыс орталығының операторы, маманы (2,3%).
Еңбек нарығындағы бәсекелестік артты: индекс 2022 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 8,3%-ға өсіп, 5,2 болды. Бұл бір бос жұмыс орнына бес адамнан көп адам өтініш білдіретінін білдіреді.
Орташа жалақыға келетін болсақ, екінші тоқсанда ол 243 мың теңге болып, бірінші жылмен салыстырғанда 1,25% артық. Нұр-Сұлтан, Алматы және Атыраудағы жұмыс берушілер ең жомарт болды.
Бос жұмыс орындарының өсімі мына салаларда тіркелді:
- туризм, қонақүйлер, мейрамханалар (+27,64%);
- көлік, логистика (+27,63%);
- үй қызметкерлері (+26,91%);
- шикізатты өндіру (+26,57%);
- спорт клубтары, сұлулық салондары (+24,53%);
- өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы (+24,24%);
- сату (+22,87%);
- адвокаттар (+22,53%);
- құрылыс, жылжымайтын мүлік (+22,36%);
- жоғары басшылық (+16,37%).
Екінші тоқсандағы теріс динамика тек автокөлік бизнесінде байқалды, -5,45%.
-->Қазақстандағы және ТМД-дағы жетекші онлайн жұмыс іздеу платформасы HeadHunter мәліметтері бойынша, 2022 жылдың екінші тоқсанында жұмыс берушілер бірінші тоқсанмен салыстырғанда веб-сайтта бос жұмыс орындарын 16,6% көп жариялаған.