Елімізде жаңа мереке пайда болуы мүмкін
Құжатқа сәйкес, Қазақстанда мереке күндері тізімінде жаңа кәсіби мереке пайда болады: 16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні.
Түсіндірме жазбада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) саласының қызметкерлері ел тұрғындарын тәулік бойы жылу, электр, сумен қамтамасыз ететіні, көшелердің тазалығын қадағалап, елдің тұрғын үй қорын басқарып, күтіп-ұстайтыны, сол арқылы тұрғындарға жағдай жасайтыны атап өтілген.
Сондай-ақ, ведомсвто бұған дейін Кеңес Одағы кезінде ТКШ қызметкерлері күні дәстүрлі түрде шілденің төртінші жексенбісінде атап өтілгені айтылған. Одақ ыдырағаннан кейін бұл мереке Ресейде, Беларусьте, Украинада және Өзбекстанда сақталған.
Құжат жобасы 2 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұснылған.
-->Құжатқа сәйкес, Қазақстанда мереке күндері тізімінде жаңа кәсіби мереке пайда болады: 16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні.