Елордалық ардагерлер мен зейнеткерлер қайда және қалай демалады
Бурабай аймағында орналасқан осы орталық «Қатаркөл» шипажайы деп та аталады. Қысы-жазы түсін өзгертпейтін қылқан жапырақты – шырша, емен, балқарағай және аққайыңның бел ортасынан орын тепкен бұл мекемеде Нұр-Сұлтан қаласында тұратын зейнеткерлер, Ауғанстан соғысы және басқа да әскери ұрыс-қақтығыс оқиғаларына қатысушылар, Чернобыль апатын жоюға қатысушылар мен Семей полигонынан зардап шеккендер, сонымен қатар мүгедек балалар ем-дом алады.
«Қатаркөл» шипажайында ұзақ жылдар жұмыс істеп келе жатқан қызметшілер де аз емес. Мәселен, физиотерапия бөлімшесінің медбикесі Людмила Стаценко, әкімші-психолог Роза Ағыбаева, жылумен емдеуші Клара Бегімбаева, бас медбике Айман Мырзахметова тек қана орталықтың озат қызметкерлері болып қоймай, келушілердің де ыстық ықыласын арқалап жүрген абзал жандар.
Қысы-жазы үзіліссіз елордалық ардагерлер мен зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсететін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы» мекемесі қала тұрғындарының сүйікті мекеніне айналып отыр. Ең бастысы – мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетудің шынайы көрінісі осы «Қатаркөл» шипажайынан айқын көрінеді.
Ғалым Қожабеков
-->Бурабай аймағында орналасқан осы орталық «Қатаркөл» шипажайы деп та аталады. Қысы-жазы түсін өзгертпейтін қылқан жапырақты – шырша, емен, балқарағай және аққайыңның бел ортасынан орын тепкен бұл мекемеде Нұр-Сұлтан қаласында тұратын зейнеткерлер, Ауғанстан соғысы және басқа да әскери ұрыс-қақтығыс оқиғаларына қатысушылар, Чернобыль апатын жоюға қатысушылар мен Семей полигонынан зардап шеккендер, сонымен қатар мүгедек балалар ем-дом алады.
Бүгінгі таңда біздің мекемеге бір ауысымда 260-280 адам қабылданады. Орталықтың қызметі жыл бойы үзіліссіз жүргізіледі. Мекеменің тұрақты келушілері, негізінен, зейнеткерлер, сонымен қатар соғыс ардагерлеріне, басқа да мемлекет тарапынан жеңілдік тағайындалған адамдар. Мүгедек балаларды оңалту да өте жауапты міндетіміз. Әрине, мұнда тікелей медициналық емдеу шаралары өткізілмейді. Алайда, қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсету қарастырылған. Жалпы алғанда, біздің негізгі міндетіміз – денсаулықты оңалту. Ал оны жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Түптеп айтқанда, табиғат аясында денсаулықты шынықтыруға, оңалтуға, жалпы демалуға барлық жағдай бар, - дейді орталықтың бас дәрігері Роза Қалиева.
«Қатаркөл» шипажайында ұзақ жылдар жұмыс істеп келе жатқан қызметшілер де аз емес. Мәселен, физиотерапия бөлімшесінің медбикесі Людмила Стаценко, әкімші-психолог Роза Ағыбаева, жылумен емдеуші Клара Бегімбаева, бас медбике Айман Мырзахметова тек қана орталықтың озат қызметкерлері болып қоймай, келушілердің де ыстық ықыласын арқалап жүрген абзал жандар.
Маған бұл жерде бәрі ұнайды. Ем алуға да, дем алуға да барлық жағдай жасалған. Әсіресе, орталықтың қызметкерлеріне ризашылығым шексіз. Қай процедураға барсаң да дәрігерлер мен медбикелер күлімдеп қарсы алады. Біз сияқты жасы ұлғайған адамға бұдан артық қандай қызмет, қандай көңіл керек. Күзде осында тағы келемін бе деп отырмын, - дейді шипажайда демалушы, зейнеткер Людмила Дяченко.
Түрлі соғыс, экологиялық апат жағдайын бастан кешкен ардагерлер үшін «Қатаркөл» шипажайы таптырмас орын. Мұнда тек қана денсаулықты оңалтып қоймай, жан сарайыңды демалдырып алуға жақсы мүмкіндіктер қарастырылған. Күндіз ем-дом алып болған соң, балық аулауға барамыз, орман аралап тынысымызды ашамыз, кешке өнерпаздар концертін тамашалаймыз. Би кешіне жиналған зейнеткерлер ән шырқап, шыр көбелек айналып билеп жатады. Бұл жердің тамағы да жақсы әзірленеді. Жалпы айтсам, орталыққа келген адамдар тек қана емделіп қоймай, ой сергітіп, бой жазып қайтады. Сондықтан елорданың зейнеткерлері мен ардагерлеріне осындай жағдай жасап отырған Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, шипажайдың басшылығына алғысымды айтамын, - деді жауынгер-интернационалист Мұратбек Утеев.