Қаңтар оқиғасы бойынша 545 адам сотталды – Бас прокуратура
Оның айтуынша, қазіргі кезде қаңтар оқиғасы бойынша 349 күдікті қамауда отыр. Сондай-ақ олардың ғимараттарды өртеуге, қаруларды жымқыруға белсенді түрде қатысқаны анықталған.
-->Оның айтуынша, қазіргі кезде қаңтар оқиғасы бойынша 349 күдікті қамауда отыр. Сондай-ақ олардың ғимараттарды өртеуге, қаруларды жымқыруға белсенді түрде қатысқаны анықталған.
Сол қайғылы күндері қылмыскерлер әскерлерге шабуыл жасап, жолды жауып, көліктерді өртеп, азаматтарды тәртіпсіздіктерді қатысуға көндірген және тонау жасаған. Бүгінде арнайы прокурорлардың іс жүргізуінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 53 және терроризм актілері 32 қылмыстық іс бар. Тергеу әрекеттерінің аяқталуына қарай істер сотқа жолданып жатыр. Бүгінде 8 өңірде 30 мыңнан аса тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 4 мыңнан аса сот сараптамалары тағайындалды, - деді Елдос Қилымжанов.