Елімізде 1500 нәрестенің анасында азаматтық жоқ
-->
«Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, 2019 жылдың соңынан бастап 1500 бала анасының жеке басын куәландыратын құжаты болмаса да тіркеуге алынды. 2020 жылы «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына енгізілген түзетулер азаматтықты анықтау жөніндегі ұлттық рәсімдерді енгізді. Аталған акция барысында республика бойынша 9 мыңға жуық азаматтығы жоқ адам анықталды. Бұл 2014 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі аралықта БҰҰ-ның серіктес ұйымдары түзген статистикадан көп. Яғни мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы бірлескен әрекет пен тығыз ынтымақ бұл проблеманы жоюда шешуші фактор бола алатынын көрсетті», - деді Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының бағдарламалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ирина Біләлова.