Елордалықтар қайда демалып жүр (ФОТО)
Жақында ғана ашылған жаяу жүргіншілер променады шаһар тұрғындарының бос уақытын өткізуге арналған мекенге айналды. Бараев көшесінде орын тепкен жаңа қоғамдық кеңістікте демалушыларға барлық жағдай жасалған. Мұнда балаларға арналған ойын алаңдары, әткеншектер, өз өнерін көрсету үшін импровизацияланған көріністерге және электр автокөліктерін зарядтауға арналған арнайы орындар бар.
28 жастағы елорда тұрғыны Жадыра Мұхамеджан мұнда күн сайын кішкентай бөбегімен келіп, таза ауада сейіл құрады.
Бұрын бұл жерде жаяу жүргіншілерге арналған тротуар болмаған. Тіпті азаматтардың емін-еркін жүруіне қиындық тудырған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пандустар қарастырылмаған.
Сондай-ақ шаһарда әкімдік алдында тағы бір демалатын орын бой көтерген. Мұнда қала тұрғындары аптап ыстықта субұрқақтардың жанында салқындауға, болмаса ағаштардың көлеңкесінде демала алады. Ал кешкілік түрлі-түсті шамдар жанып, демалатын мекен одан сайын әсемдене түседі.
Көз тартатын демалыс орнына келушілер саны, әсіресе, аптап ыстықта артқан. Солардың бірі – елорда тұрғыны Зәуре Азова. Ол мұнда үш баласын ойнатуға әкелген.
Былтыр Елорда күні мерекесіне орай ашылған «Demalys Promenade» жаяу жүргіншілерге арналған орны да келушілердің сүйікті мекеніне айналған. Бұл Мәмбетов көшесінен бастау алып, Абай мен Кенесары көшелерін қиып өтіп, ескі Арбатқа дейін жалғасады.
Бір айта кетерлігі, шаһар тұрғындары жаңа қоғамдық кеңістіктердің ашылуын асыға күткендей. Әсіресе, балалар ойын алаңқайларында асыр салып ойнап, қуанып, мәз-мейрам екенін сыртынан байқауға болады.
-->Жақында ғана ашылған жаяу жүргіншілер променады шаһар тұрғындарының бос уақытын өткізуге арналған мекенге айналды. Бараев көшесінде орын тепкен жаңа қоғамдық кеңістікте демалушыларға барлық жағдай жасалған. Мұнда балаларға арналған ойын алаңдары, әткеншектер, өз өнерін көрсету үшін импровизацияланған көріністерге және электр автокөліктерін зарядтауға арналған арнайы орындар бар.
28 жастағы елорда тұрғыны Жадыра Мұхамеджан мұнда күн сайын кішкентай бөбегімен келіп, таза ауада сейіл құрады.
Осы демалатын орын ашылғанына өте қуаныштымын. Өзім осы променадтың артындағы үйлердің бірінде тұрамын. Бұған дейін Арбат жаққа барушы едім. Бұдан былай уақытты үнемдейтін болдық. Ал кешкілік мұнда отбасымызбен бірге келеміз. Өйткені кешке қарай түрлі-түсті шамдар жанып, променад одан сайын ажарлана түседі, - деді Жадыра Мұхамеджан.
Бұрын бұл жерде жаяу жүргіншілерге арналған тротуар болмаған. Тіпті азаматтардың емін-еркін жүруіне қиындық тудырған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пандустар қарастырылмаған.
Мен осы маңайда тұрамын. Бір қуантарлығы, бұл орын көптеген артықшылыққа ие: үйдің терезесінен әдемі көрініс, демалу, балалармен серуендеу. Ал кешке қарай балалармен шығып, таза ауада кофе ішіп тұрамыз, - деп өз пікірін білдірді қала тұрғыны Сұлу Кеней.
Сондай-ақ шаһарда әкімдік алдында тағы бір демалатын орын бой көтерген. Мұнда қала тұрғындары аптап ыстықта субұрқақтардың жанында салқындауға, болмаса ағаштардың көлеңкесінде демала алады. Ал кешкілік түрлі-түсті шамдар жанып, демалатын мекен одан сайын әсемдене түседі.
Көз тартатын демалыс орнына келушілер саны, әсіресе, аптап ыстықта артқан. Солардың бірі – елорда тұрғыны Зәуре Азова. Ол мұнда үш баласын ойнатуға әкелген.
Мұнда елорда тұрғындары мен қонақтарына демалуға мүмкіндік қарастырылған. Аумаққа көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Балаларыммен субұрқақтардың жанында демалып отырғанымызға 1,5 сағаттан асты. Екі қызым мен ұлыма бұл жер ұнап жатыр. Тіпті кеткісі жоқ, - деді қала тұрғыны.