Елордада 800-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады
Айтулы іс-шараға Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан бас қолбасшысы, генерал-майор Еркін Ботақанов, ҰҚ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, генерал-майор Қалиақпар Токушев, құқықтық тәртіп әскерлерінің ардагерлері – генерал-майорлар Дәулет Салханов, Сағатбек Нұрахметов және полковник Александр Парпура, жергілікті атқарушы органдар мен полиция басшылары қатысты.
Бұл күні бөлімнің шеру алаңында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен бөлімнің Жауынгерлік Туын салтанатты түрде алып шығарылды.
Ант беру рәсімінің өзі жоғары деңгейде өтті. Жас сарбаздар кезек-кезек командирлерге тәртіптен шығып, қасиетті ант сөздерін салтанатты түрде айтты.
Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-майор Еркін Ботақанов жас ұландықтарға құттықтау сөз сөйледі.
Жас сарбаздарды әскери ант қабылдауларымен құттықтаған Ұлттық ұланның Ардагерлер кеңесінің төрағасы, генерал-майор Қалиақпар Токушев оларға қызметте табыс тілеп, қоғамдық тәртіп пен ел қауіпсіздігін сақтауда оларға ерекше жауапкершілікті жүктеліп отырғанын атап өтті.
-->Айтулы іс-шараға Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан бас қолбасшысы, генерал-майор Еркін Ботақанов, ҰҚ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, генерал-майор Қалиақпар Токушев, құқықтық тәртіп әскерлерінің ардагерлері – генерал-майорлар Дәулет Салханов, Сағатбек Нұрахметов және полковник Александр Парпура, жергілікті атқарушы органдар мен полиция басшылары қатысты.
Бұл күні бөлімнің шеру алаңында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен бөлімнің Жауынгерлік Туын салтанатты түрде алып шығарылды.
Ант беру рәсімінің өзі жоғары деңгейде өтті. Жас сарбаздар кезек-кезек командирлерге тәртіптен шығып, қасиетті ант сөздерін салтанатты түрде айтты.
Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, генерал-майор Еркін Ботақанов жас ұландықтарға құттықтау сөз сөйледі.
Бүгін сіз Отанға адал болуға ант қабылдау арқылы өміріңіздің маңызды кезеңінен өттіңіз. Отан қорғау – әрбір азаматтың, әрбір ер азаматтың қасиетті борышы. Қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты, елдегі бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ете отырып, сарбаздар Қазақстанның одан әрі дамуына өз үлестерін қосуда, - деді ол.
Жас сарбаздарды әскери ант қабылдауларымен құттықтаған Ұлттық ұланның Ардагерлер кеңесінің төрағасы, генерал-майор Қалиақпар Токушев оларға қызметте табыс тілеп, қоғамдық тәртіп пен ел қауіпсіздігін сақтауда оларға ерекше жауапкершілікті жүктеліп отырғанын атап өтті.
Бұл әрбір адамның Отан алдындағы қасиетті борышы. Осындай құрметке ие болғаныма өте қуаныштымын. Біз ант бердік, сонымен бірге жауапкершілікті де қабылдадық, - деді Бекзат есімді сарбаз.