Мұхамедиұлының баспасөз хатшысы Ұлттық музейдегі жемқорлыққа қатысты түсініктеме берді
2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D модельдерін құру» жобасынан бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Бірақ Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл кезде Ұлттық музейдің басшылығында болмаған екен.
Оқи отырыңыз: Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты жаңа деректер шықты
Ұлттық музей мердігер ұйымдарға аталған жоба аясында атқарылған жұмыстар үшін 1,3 млрд теңге төлеген. Ал бұл жұмыстардың нақты құны 83,4 млн теңге.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегіне сәйкес, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырып жатыр.
-->2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D модельдерін құру» жобасынан бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Бірақ Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл кезде Ұлттық музейдің басшылығында болмаған екен.
Оқи отырыңыз: Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты жаңа деректер шықты
Достар, мен әлеуметтік желі мен кейбір БАҚ өкілдері таратқан ақпарат жалған екенін мәлімдеймін. Арыстанбек Мұхамедиұлы 2017-2018 жылдары музей директоры болмаған, – деді Айдар Қырықбай facebook-парақшасында.