Әлеумет

Жарма қымбаттады: Қазақстандықтар қарақұмықты қаншалықты жиі тұтынады

Energyprom.kz мәліметі бойынша, өңірлік бөліністе өндірістің 29,8 пайызы Павлодар облысына келді. Көшбасшылар үштігінде Қарағанды (8,8 мың тонна) және Шығыс Қазақстан (8,5 мың тонна) облыстары да бар.

Жалпы 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елімізде дәнді дақылдардан 84,1 мың тонна ірі тартылған ұн мен жарма өндіріліп, бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,5 пайызға азайды.

Ағымдағы жылғы қаңтар–сәуір қорытындылары бойынша жергілікті компаниялар бір жыл бұрынғыдай жармаларға сұранысты 93 пайызға қамтамасыз етті.

Импорт үлесі тиісінше 7 пайызды құрады: Қазақстанға 2,5 мың тонна жарма әкелінді. Қазақстан төрт айдың ішінде сыртқы нарыққа 3,3 мың тонна жарма жіберді.

Қарақұмық жармасы қазақстандықтар арасында ең танымал болды. Елімізде қарақұмықты тұтынуы биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жан басына шаққанда 1,5 кг құрады.

2022 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша жарма бір айда 2,7%-ға, жыл басынан 16,6%-ға және бір жылда 27,1%-ға қымбаттады.

-->