Әлеумет

Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэ қайтыс болды

Жапонияның халықаралық NHK телеарнасының хабарлауынша, үгіт-насихат науқаны аясында елдің батысындағы Нара префектурасына келіп, халық алдында сөз сөйлеп тұрған Синдзо Абэге белгісіз біреу оқ атқан.

Экс-премьер денесіне оқ тиіп, сол мезетте жерге құлап түскен.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Синдзо Абэнің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 11:30-да болған. Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, бұрынғы Премьер-министр ауруханаға жеткізілген.

Полицияның ақпаратына сәйкес, күдікті оқиға орнында қамауға алынған. Ол – шамамен 40 жастағы ер адам.

-->