Қаңтар оқиғасында зардап шеккен бизнесмендер шығыны өтелді
Әкімнің айтуынша, жалпы 14,5 млрд теңгеге 1 594 өтінім мақұлданған.
-->Әкімнің айтуынша, жалпы 14,5 млрд теңгеге 1 594 өтінім мақұлданған.
Шағын және орта бизнес – қала экономикасының негізі. Онда еңбекке қабілетті халықтың 64%-ы жұмыс істейді. Сондықтан, бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. 2022 жылы бюджеттен қосымша 5 млрд теңге бөлініп, 46,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бүгінде 16,5 млрд теңгеге шағын және орта бизнестің 213 жобасы қаржыландырылды, - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.