Үш есе жалақы, қосымша демалыс: елімізден шетелге баратын әскерилерге тағы қандай жағдай жасалады
-->
Заңға сәйкес, БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысу кезеңінде үш есе жалақы, қайтып келген соң мемлекет есебінен емделу, жыл сайынғы демалысқа екі апта қосымша демалыс беріледі. Қатысу кезеңі жеңілдікті шарттармен бір айы бір жарым ай болып есептеледі, - деп жауап берді Қорғаныс министрі Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутат сауалына.