Қорғаныс министрі журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
Кездесу елорданың десанттық-шабуылдау құрамасында бейресми жағдайда өтті.
БАҚ өкілдерін қарсы алған қорғаныс ведомствосының басшысы Руслан Жақсылықов оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық шабыт, жаңа идеялары мен жобаларының табысты іске асуын тіледі.
Десанттық-шабуылдау құрамасына барған журналистер әскер арасында болып, жауынгерлік рухты сезініп қайтты. Оларға қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің көрмесі, киім-кешек пен қажетті жабдықтар көрсетілімі ұйымдастырылды.
Бағдарламада әуе-десанты кешенін өткізетін сабақтар кезіндегі парашютпен секіруді пысықтау, әскери саперлердің миналарды қою және оларды залалсыздандыру бойынша жұмысы, құрметті қарауыл ротасының дефилесі көрсетілді.
Іс-шара барысында БАҚ өкілдері Қарулы күштердің бұқаралық ақпарат құралдары үшін, яғни жалпы қоғам үшін ашықтығын арттырудың оң үрдісін атап өтті.
-->Кездесу елорданың десанттық-шабуылдау құрамасында бейресми жағдайда өтті.
БАҚ өкілдерін қарсы алған қорғаныс ведомствосының басшысы Руслан Жақсылықов оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, шығармашылық шабыт, жаңа идеялары мен жобаларының табысты іске асуын тіледі.
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің еңбегі өте күрделі және аса жауапты. Сөз – семсер. Сіздердің қуатты қаруларыңыз – сөз. Қазақстан әскерінің заманауи келбетін қалыптастыруға атсалысып жүрген журналистердің еңбегін қашанда жоғары бағалайтынымыз анық, – деп атап өтті Қорғаныс министрі, генерал-полковник Р.Жақсылықов.