Әлеумет

Елорда базарларында макарон өнімі қанша тұрады

Макарон өнімдерін дұрыс тұтыну арқылы оны пайдалы тағам түріне жатқызуға болады. Оның пайдалы не зиян болуы оның түріне байланысты. Жұмсақ бидай дәндерінің ұнынан әзірленген макарондардың гликемикалық индексі өте жоғары, бұл қанның құрамындағы глюкоза көрсеткішінің тез көтерілуі мен инсулинның шамадан асуына алып келеді. Ал бұл өз кезегінде адамның тәбетінің ашылуына әсер етеді. Қатты бидай дәндерінен әзірленген макарон өнімдерінің гликемикалық индексі төмен болады. Бұл глюкоза шамасын реттеп, аштықты ұзақ уақытқа басуға өз септігін тигізеді. Мұндай макаронда В тобының дәрумендері, ақуыздар мен клетчатка, қышқылдар және қан құрамындағы холестерин дәрежесін төмендететін құрамдас бөліктер бар.

Макарон сүйгіш оқырмандарға  қатты бидай дәндерінен дайындалған макаронды таңдауға кеңес береміз. Ал елорда базарларында бұл өнімнің бағасы 235-360 теңге аралығында сатылады.

-->