Әлеумет

Қанттың 1 келісі 600-900 теңгеден сатылып жатыр – депутат

Депутат осыдан төрт ай бұрын басталған қант мәселесі халық арасында әлі дүрбелең тудырып жатқанын жеткізді.

Мәжіліс депутаты қант тапшылығы мәселесі шешілмесе шамамен 10-12 мыңнан астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін екенін айтты.

 

-->

Депутат осыдан төрт ай бұрын басталған қант мәселесі халық арасында әлі дүрбелең тудырып жатқанын жеткізді.

Қанттың бағасы шарықтап 1 келісі 600-900 теңге аралығында сатылуда. Оның үстіне қант тапшы болуда. Кез келген дүкеннен таба алмайсыз. Тек белгілі бір сауда орындарында ғана сатылуда. Осының салдарынан қазіргі таңда қант тұтынатын отандық өнім өндіретін кондитерлік шағын кәсіпкерлерді айтпағанда ірі кәсіпкерлердің өзі жабылуда. Бұндай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының бұдан әрі өсе беретін болса ел арасында үлкен дау-дамайға айналуы мүмкін, – деді Фахриддин Қаратаев.

Мәжіліс депутаты қант тапшылығы мәселесі шешілмесе шамамен 10-12 мыңнан астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін екенін айтты.

Мемлекет тарапынан тарифтік льгота бойынша 350 мың тоннаға дейін қолдау көрсетіп отыр. Дегенмен де, льгот бойынша шет елден қантты тасымалдайтын кәсіпкерлер елге алып келетін мерзімі 4 айға беріліп отыр. Ол өте аз мерзім. Өйткені әлемдегі экономикалық түрлі санкцияларға байланысты барлық логистика бойынша порттар және тағы басқа транспорттар бос емес, оның үстіне еліміздегі банктер шет елмен жұмыс жасау үшін қаржы операциялары ұзаққа созылуда, - деді Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев.